ТАЙЛАНД

Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Тайланд Патшалығы (тай. ราชอาณาจักรไทย) — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.

Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шекараласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.

Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.

Жылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа-райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0°С дейін төмендесе, Бангкокте 16°С болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі – наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды.

Туризм

Бангкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.
Free WordPress Themes, Free Android Games