ЗОЛОТОЙ КАРАВАН БАҒЫТТАРЫ

Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

1-ші бағыт. Бүгінгі Ежелгі Тараз

Автобусты үш сағаттық қалалық шолу экскурсиясы. 2000 шаршы метрден астам экспозиция аумағы бар тарихи-аймақтану музейіне саяхат ішіне кіреді. Мұнда туристер қаланың пайда болу тарихымен танысып, мәдени-экономикалық тұрғыдан дамыған маңызды орталықтардың бірі болғанын айғақтайтын бай және жарқын археологиялық олжалармен (археологиялық тас мүсіндер топтамасы бірегей) таныс болады.

Көрме залында қала қонақтары қолданбалы өнердің шеберлердің, мүсіншілердің, қазіргі заман суретшілердің жұмыстарын көреді. Олардың жұмыстары ұлттық колорит пен туған жерге деген сүйіспеншілікті білдіреді.

Сонымен қатар бағдарламада ұлы орыс ақындары А.С.Пушкин, С.Есенин ескерткіштеріне бару (немесе Мәңгілік отқа гүл қою), облыстық драматургиялық театрға бару, «Евразия» ойын-сауық кешенін және аквапарк мәдени бағдарламасы кіреді. Түнгі Тараздың әдемілігі де қонақтарды жай қалдырмайтыны анық.

2-ші бағыт. Ежелгі сәулетшілердің өшпес туындылары

Қарахандықтар кезінде Таразда және оның маңында бірқатар көркем кесенелер тұрғызылған болатын:

Айша-Бибі кесенесі махаббат пен адалдықтың ескерткіші болып табылады. X-XII ғ.ғ. тұрғызылған болатын. Аңыз бойынша баласы жоқ әйел, кесенені үш рет айналса, балалы болуға үміттенсе болады. Бұл Орта Азия бойынша өрнектелген терракота кірпіштерімен толығымен қапталған жалғыз ескерткіш болып табылады.

Бабаджа-Қатын кесенесі өзінің біртума 16 екі бұрышты күмбезімен танымал. Ғимараттың алдыңғы жақтауында араб тілінде жазу бар.

Қарахан кесенесі бүгінге дейін сәулет қадірлеушілерін ежелгі Тараздың бірқилы тумасы ретінде таңдандырады. Ғимаратты безендеу кезінде кірпіштің 30 түрлі пішіні қолданылған.

Қарахан кесенесінің қасында екі дін тоғысқан бірегей мешіт орналасқан. Мұнда алтын құранның үзінділері, ал мешіттің

Мавзолей Карахана, г. Тараз

Мавзолей Карахана, г. Тараз

қабырғаларында құран сөздері мен хазреті Иса бейнесі әлсін көрінеді.

Келесі объект ата бабаларымыздың киелі тауы – «Тектұрмас». VIII ғасыр болып саналатын жер, нұрлы энергиямен қуаттануға болатын әлемдегі ең жарық жер болып табылады.

Келесі объект 11-12 ғ.ғ. жататын, сәнді өрнектерімен таң қалдыратын Қали Жүніс моншасы болып табылады. Монша бөлмелері күмбезбен жабылған. Монша еден және төбелерде орналасқан каналдар бойынша айналатын ысытылған ауамен жылытылған. Қабырғалары мол фреска өрнектерімен безендірілген.

3-ші бағыт. Тірілген қызыл кітап

 Ақсу Жабағлы қорығы бойынша біркүндік атты-жаяу маршруты. Өзінің 75 жылдық мерей тойына орай қорық күзеті және жабдықталуы бойынша ТМД-дағы үздік мамандар тарапынан үздік деп танылған.

Қорық территориясында Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 16-дан астам түрі (оның ішінде Грейга қызғалдағы) бар. Құстың 58 түрі тіршілік етеді. Оның ішінде сиреп кеткен бүркіт, құзғын, қара құтан, көк құс, жұмақ шыбын торғайы бар. Бүгінгі таңда архардың 55 басы, маралдың 40 басы, көптеген Тянь Шань аюлары  және көптеген басқа жануарлар кездеседі.

Қордың өсімдік және жануарлар әлемімен толығырақ Жабағлы ауылында орналасқан зоологиялық мұражайда танысуға болады. Саяхат толық кешенді болу үшін және туристердің табиғатпен байланысты сезіну үшін экскурсия қордың түпкі аумағында жазылған құстар әуендері аясында өтеді.

Сапар сонымен қатар Ванновтық үңгірге саяхатты және шатқал боыйнша атпен серуендеуді қамтиды.

4-ші бағыт. Өмір тынысы

Автобусты-жаяу маршрут Қаратау тауында басталады. Олар өзігің жартасқа салынған суреттерімен бірегей болып табылады. Тастарда салттық билер, аңға шығу көріністері, көшпелі тайпалардың шаруашылық өмірі, олардың діни сенімдері, салт-дәстүрлері бейнеленген.

Беріқара шатқалының өзіндігі ескіден қалған  шаған шоғы болып табылады. Табиғат ананың өзі мұнда балаларына қамқорлық көрсетеді. Мұздай бұлақ суын ишип, ангинамен ауырам деп қорықпаңыз, өйткені ол емдік қасиеттерге ие. Шатқалдан есетін самал жел сізге жаңа күш беретіндей, толық кеудемен тыныс алуға себеп болады. Шатқалдың бірегейлігі, оның қызғалдақ отаны болып табылуында. Мұнда Грейга және Кауфман қызғалдақтары өседі.

Туристер жайлы демалыс аймағында уақыт өткізе алады. Ниет білдіргендер Билікөл көлі жағасына түнгі балық аулауға шыға алады.

 5-ші бағыт. Ақыртас құпиясы

Біздің жолымыз Тараздың шығысына қарай, Ақ-Шолақ Темір жол станциясынан оңтүстік жағына қарай жатыр. Дәл осы

Акыртас,Жамбылская область

Акыртас,Жамбылская область

жерде Қазақстанның құпиялы ескерткіштердің бірі Ақыртас орналасқан. Оның құрылу тарихы және авторы туралы нақты деректер жоқ. Бұл бітпеген құрылыс, түпкі ойы орасан зор және батыл, ауқымды ішкі алаң айналасында шоғырланған бөлмелер кешенінен тұрады. Ақыртас туралы бірнеше көркем аңыздар қиыстырылған. Дегенмен бірқатар қазақстандық және шет ел ғалым –археологтар бұл құрылыстың пайда болуы мен мақсаты туралы өз болжамдарын алға тартуда.   Бұл бірегей кешен Ұлы Жібек Жолы бойынша ерте орта ғасыр кезеңінде Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерімен Қазақстанның түрік мемлекеттер арасындағы саяси және мәдени байланыстарын анықтау үшін әлі де жете зерттеуді қажет етеді.    2004 жылы Ақыртаста бірегей ғимараттың ежелгі келбетін қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды. Көптеген жадыгөйлердің айтуы бойынша, мұнда энергиямен қуат алуға болады және жыл бойы тастың төбесі жылы, ал асты суық болып тұрады және бұл құпия.

6-шы бағыт. Қарлы шыңдардан құмды бархандарға дейін

Бұл маршруттың бірегейлігі, екі күннің ішінде туристер тауда қар атысып, сосын төменге түсіп орман, жазық дала, шөлейт жерлерді көріп, және сонында Мойынқұмның гүлдеген шөлінде тасбақалардың күйлеу кезеңін көре алады.

Шатқалда туристер алуантүрлі флора фаунаға бай, алып таулардың көркемдігін көреді. Мөлдір бұлақ суының сылдыры, таза ауаның самалы және таудың әсем көрінісі демалысты ұмытылмастай етеді.

Құмды бархандар арасында, киіз үйдің салқын көлеңкесінде туристер ұлттық тағамдардан дәм татып, емдік қасиетті бар айран, шұбат, қымыз сусындарымен шөлін қандырады және киіз жасауды үйренеді.

«Золотой караван» түйелерінде «Көшпенділер» жолымен шөлді кесіп өту экскурсияның шарықтау шегі болады.

 

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.
Free WordPress Themes, Free Android Games